Жастардың баспана алуына бағытталған шаралар кешені әзірленді - әкім

6 Қазан 2022, 00:11
787
Бөлісу:
Жастардың баспана алуына бағытталған шаралар кешені әзірленді - әкім

Президенттің жастарды жеңілдетілген несиелеу арқылы баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын Ақтөбе облысы алғашқылардың бірі болып орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде жастардың баспана алуына көмектесуге бағытталған шаралар кешені әзірленді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен өңірде жастардың тұрмыс жағдайын жақсартуға қолдау көрсету бағдарламасы қолға алынуда. 

Облыс әкімдігі мен «Отбасы банкі» АҚ арасында тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие беруге қаражатты бірлесіп бөлу туралы келісімге қол жеткізілді. 

Бұл бағдарлама 35 жасқа дейінгі ақтөбеліктерді қоса алғанда, тиімді шарттармен несие рәсімдеп, пәтер сатып алуына мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысушылардың санаттары өңіріміздегі жастардың белсенді өкілдерімен бірге қарастырылып, бекітілетін болады, - деді аймақ басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы