Жастарды қандай мәселелер жиі мазалайды?

20 Қыркүйек 2021, 18:38
7268
Бөлісу:
Жастарды қандай мәселелер жиі мазалайды?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашылған Жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың ең жиі қоятын сұрақтарына жауап береді.

Айта кетейік, елордада Ескі вокзал ғимаратына қарама-қарсы жерде Жастарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев жастар қандай сұрақ бойынша орталыққа жиі жүгінетінін айтып берді.

Ең өзекті мәселе – жұмыспен қамтамасыз ету. Барлығы тұрақты жұмыс іздейді. Сол себепті біз Жұмыспен қамтамасыз ету орталығымен ғана емес, сонымен қатар «Атамекенмен» де бірлесіп жұмыс істейміз. Бизнес ашқысы келетіндер үшін мүмкіндіктер қарастырылған, - деді ол.
Сонымен қатар спортпен шұғылданғысы келетін жастар да бар. Олар үшін де орталықта мүмкіндіктер бар.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Аула клубтары» жобасы жұмыс істейді. Аталған жоба аясында 3 мыңға жуық жас пен жасөспірім тегін спорттық және мәдени үйірмелерге қатысты. Мәселен, бокс, карате, сурет салу, т.б. Орталыққа осындай мәселемен келген жастарға да бағыт-бағдар береміз. Қай жерде үйірме, қандай мүмкіндер барына жөн сілтейміз, - деп атап өтті Аян Ерментаев.
Сонымен қатар тұрғын үй мәселесі бойынша кеңес алғысы келетін жастар болса, оларға да «Отбасы» банкінің мамандары тегін кеңес береді.

Еске сала кетейік, орталықтың жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін істейді. Сенбі-жексенбі күндері - демалыс.

Өзгелердің жаңалығы