Жастарды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет – Тоқаев

28 Қыркүйек 2022, 12:07
1422
Бөлісу:
Жастарды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет – Тоқаев

АҚШ, Еуропаның ірі компанияларында жұмыс істейтін жастарымыз  жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім  етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы биік мақсатқа қол жеткізу үшін бейінді университеттер өңірлік жоғарғы оқу орындарын қамқорлығына алды, грант арқылы оқыту кеңейіп, 12 жеке меншік IT-мектеп ашылды. Жуырда Нью-Йоркке жасаған сапарым аясында «Digital Nomads» IT-қауымдастығындағы жас отандастарымызбен кездестім. Олар АҚШ, Еуропаның ірі компанияларында жұмыс істейді және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда Қазақстанда да халықаралық деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті талантты адамдар аз емес. Сондықтан Үкіметке келесі міндеттер қойылады: бір жағынан, жастар қай жерде жұмыс істесе де, оларға қолдау көрсету керек, ал екінші жағынан, оларды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында. 

Өзгелердің жаңалығы