Жастарды ауылға тарту басты назарда – аудан әкімі

23 Сәуір 2021, 12:05
1470
Бөлісу:
Жастарды ауылға тарту басты назарда – аудан әкімі

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы оқушыларды кәсіби оқыту мақсатында Қарағанды облысының Трудовое ауылында оқу-өндірістік комбинаты ашылған болатын. Кәсіби білім беретін білім ордасы бүгінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Осакаров ауданының Трудовое ауылының №15 орта блім беретін мектептің базасында ашылған оқу-өндірістік комбинаты оқытуды бес бағыт бойынша жүзеге асырады. Бұл білім ордасына көршілес бес ауылдан балалар қатынап оқиды. Ол үшін арнайы автобус қатынайды. Өткен жылы ғимаратқа 383 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жасалған. 

Оқытудың мұндай форматы өз нәтижесін көрсетуде. Ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын оқу ордасында білім алған оқушылар сертфикаттар мен куәліктерін алуда. Мұнда білім алушылар токарь, механизатор, дәнекерлеуші сияқты мамандықтарды игереді. 2020-2021 оқу жылында тағы да төрт жаңа мамандық қосу жоспарланып отыр, - дейді Осакаров ауданының әкімі Нүркен Қобжанов. 
Сондай-ақ, аудандағы Литвиновский балалар үйі бала санының азаюйына байланысты мектеп-интернат-колледж болып бейімделді. Бұл аудан жастарының кәсіби мамандықтарға оқытуын арттырады дейді аудан басшысы. 

Біздің ауданда Литвиновский және Пионерский екі балалар үйі болған еді. Облыс әкімінің тапсырмасымен бұл балалар үйлері біріктірілді. Шыныменде балалар үйінде қазіргі уақытта бала аз. Бұрындары әр балалар үйінде 300-400-ден астам бала тәрбиеленсе, қазіргі уақытта әрқайсысындағы бала саны 80-нен астам ғана. Сондықтанда облыс басшысының тапсырмасымен балалар үйлерін оңтайландыру жайлы шешім шығарылған болатын. Балалар үйінің бірінде мектеп-интернат-колледж құру ұсынылды. Атынан айтып тұрғандай балалар оқитын, тұратын әрі мамандық алатын орталық құрылды. Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған. Барлығы да мемлекет есебінен, - дейді Нүркен Қобжанов. 

2020-2021 жылы мұнда 13 мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі деп күтілуде. Колледжде қазіргі уақытта ауданға қажетті, сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар дайындалатын болады. 

Біздің аудан аграрлық болғандықтан, маман жетіспеушілігі болатыны белгілі. Сондықтанда аталған білім ордасында балаларға жасалған жағдайды көрген ата-аналар мүмкіндікті жібермейді деп ойлаймын. Себебі, барлық отбасы балаларын жоғары білім алу үшін қалаға жібере алмайды, оқу ақысы, жатын орны дегендей. Ал мұнда барлық жағдай жасалған. Сондықтан да, бұл жер ата-аналардың балаларын қалаға жібермей-ақ, ауылда оқытып, маман иесі болып шығуларына мүмкіндік береді. Бозбалалар мен бойжеткендер де осы жерде білім алып, туған ауылында еңбек етіп, ата-анасына қолғабыс етеді деп ойлаймын. Бұл шаралар жастарды ауылға тартуға, оқушылардың кәсіби білім деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді аудан әкімі.

Өзгелердің жаңалығы