Жастар жылының аясында "Atyrau Marathon - 2019" өтеді

29 Наурыз 2019, 12:30
2763
Бөлісу:
Жастар жылының аясында "Atyrau Marathon - 2019" өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Марафонның жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда 14 сәуір күні "Atyrau Marathon - 2019" жыл сайынғы қайырымдылық жүгіру марафоны өтеді. Шара Атырау облыстық жеңіл атлетика Федерациясының, дене шынықтыру жәнә спорт басқармасының, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және «Infinity» фитнес орталығының қолдауымен өтеді.

Ұйымдастырушылар жаппай жүгіру қатысушыларына таңдау үшін бес қашықтықты дайындады. Жеңімпаздар 76 номинация бойынша марапатталады. Жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды.

Айта кету керек, "Atyrau Marathon - 2019" ҚР тұңғыш президенті жариялаған Жастар жылының аясында өтеді. Әр түрлі қашықтықтағы жүгіруге қала және облыс жастары қатысады.

"Жастар саясатын дамыту – қоғам мен мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Біздің елдің болашағы жастардың қолында, біраз жыл өткеннен кейін қандай елде тұратынымыз соларға байланысты. Өмірдің барлық салаларында жоғары нәтижелерге жету үшін салауатты өмір салты мен спортты сақтау қажет, сондықтан біз қаланың және облыстың жастарын алдағы марафонға белсенді қатысуға шақырамыз",- дейді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Марафон қатысушысы болу үшін міндетті түрде www.atyraumarathon.kz сайтына тіркеліп немесе Құрманғазы көшесі 12 мекен-жайындағы INFINITY FITNESS орталығына барып, 42, 21,10 , 3 және 1,2(балаларға арналған қашықтық) қашықтықтарының бірін таңдау қажет.

"Алғашқы ең ұзақ қашықтықтарға қатысу үшін қатысушылар міндетті түрде қаржылай салым салады, барлық түскен қаражат қайырымдылық мақсатта қаладағы әлеуметтік және білім беру орталықтары- мектеп-интернаттарға спорт құралдарын сатып алуға жұмсалады. 3 және 1,2 шақырымға жүгіру тегін", - дейді "Аtyrau Marathon - 2019" ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Айта кетейік, марафонның барлық қатысушыларына апта сайын жаттығулар ұйымдастырылады. Жиналу сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.30-да Сұлтан Бейбарыс ескерткіші жанында, ал жексенбі күні 8.00-де «Мұнайшы» стадионында.

«Atyrau Marathon -2019» қайырымдылық марафоны 14 сәуір күні өтеді, жарыстың басталу аймағы мен мәре сызығы Сұлтан Бейбарыс алаңы болып бекітілді. 
Жиналу таңғы сағат 6.00-де.

Өзгелердің жаңалығы