Жастар SMS-хабарлама арқылы жұмысқа тартылады

22 Ақпан 2023, 13:02
918
Бөлісу:
Жастар SMS-хабарлама арқылы жұмысқа тартылады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, биыл жыл басында өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітілді. Оған сәйкес 950 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 231,3 мыңы – Ұлттық жобаларды іске асыру арқылы, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына, 341,8 мыңы – Мемлекет Басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасымен, 320,4 мыңы – жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналастыру көзделген.

20 ақпандағы жағдай бойынша 117 мыңнан астам азамат жұмыс орындарына ие болды. Ұлттық жобалар аясында 73 мыңнан астам адам жұмысқа қабылданды. Мемлекет Басшысының бастамасын іске асыру бойынша жұмыс орындары 15,8 мың адамға ұсынылды, ал бос жұмыс орындарына жұмыс берушілерден 28,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, – деп атап өтті вице-министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық шараларды адам жұмыспен қамту орталығына келіп қана қоймай, электрондық еңбек биржасы Enbek.kz. порталы арқылы да қашықтықтан ала алады.

Халықтың осы мүмкіндіктер туралы хабардарлығын арттыру үшін жақында SMS-жіберілім тексерілді. 12 мың жастар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы басқа да қолдау шаралары туралы ақпарат алды. Олардың 5 мыңға жуығы Enbek.kz. сайтқа кірді бірнеше жүз адам Call-орталыққа қоңырау шалды. Қазірдің өзінде 101 адам жұмысқа орналастырылды: 25-і тұрақты жұмыс орындарына, 76-сы уақытша жұмыс орындарына, ал 39-ы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды бастады, - деді Олжас Ордабаев. 

Айта кетейік, елімізде 29 жасқа дейінгі 200 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр.

Өзгелердің жаңалығы