Қыз бен жігіттің алғашқы кездесуінде шотты кім төлеу керек?. Қазіргі таңда жастар арасында және әлеуметтік желіде бұл тақырып жиі көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Жаңадан танысқан қыз бен жігіт көбінесе мейрамханада немесе саябақта кездеседі. Алғашқы кездесуде жігіт шотты төлеп жатады. Кейін жақсы араласып, жұп болып жатса бірге төлеу қағидасын ұстанады. Ал бір-бірін алғаш рет көрген екі жастың шотын кімнің төлегені дұрыс. Жігіт әлде қыз? Дәл осы сұрақ бойынша елордалық жастардың пікірін білдік.
Саяжан ҚҰДАЙБЕРГЕН