Жастар мен көпбалалы отбасыларға арналған 13 мыңға жуық пәтер салынады

19 Қараша 2020, 12:04
2475
Бөлісу:
Жастар мен көпбалалы отбасыларға арналған 13 мыңға жуық пәтер салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй шығындарын ұлғайтуды ұсынды.

 

Қазақстанда тек 2021 жылы жастар мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған 12,7 мыңнан астам пәтер салынатын болады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 94,4 млрд теңге бөлінеді.

Сенат депутаттары еліміздің басты қаржы құжатын зерделеп, әлеуметтік жобаларды іске асыруға баса назар аударды.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттегі негізгі басымдық - адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешу, 2021 жылғы бюджет шығыстарының 50%-дан астамын әлеуметтік сала шығыстары құрайды, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс адамдардың қатарында жұмыс істейтін жастар да бар. 2021 жылы оларға жалпы сомасы 21,6 млрд теңгеге 3 мың пәтер салу жоспарланып отыр.

Алдағы жылы әлеуметтік әлсіз санаттағы қазақстандықтар өз баспанасына ие болады, оларға 4,7 мың пәтер салынады, ол үшін бюджетке 32,8 млрд теңге салынды.

 

«Нұрлы жер» бағдарламасына жалпы алғанда 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте 595 млрд теңге қарастырылған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сенатта ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Сенаттың жалпы отырысында мұнай нарығындағы жағдайға байланысты пікір білдірген еді. 


 


 

Өзгелердің жаңалығы