Жастар кеңесінің басты мақсаты - бүкіл Азия құрлығында жастар арасындағы  байланысты нығайту – Қайрат Сарыбай

14 Шілде 2022, 12:19
1419
Бөлісу:
Жастар кеңесінің басты мақсаты - бүкіл Азия құрлығында жастар арасындағы  байланысты нығайту – Қайрат Сарыбай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай жастар кеңесінің басты мақсатын айтты.

Жастар кеңесінің басты мақсаты - бүкіл Азия құрлығында жастар арасындағы  байланысты нығайту. Баяндамашылар өз сөзінде біздің құрлықтың жастар құрлығы екенін айтып кетті. Сол себепті жастар саясаты бүкіл мәселені кеңінен қамту қажет. Өз алдында оқу -ағарту, жұмысқа орналасу және әлеуметтік мәселелер бар. Әрбір мемлекеттің бұл мәселелерді шешкенде қандай жетістіктері бар? Қандай әдістемелері бар? Біз жаңа жастар саясатын қалыптастырып жатырмыз. Бүгінгі конференцияда қандай тиімді халықаралық әдістемелер бар соны үйреніп алу үшін таптырмас кеңес, -деді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде Қайрат Сарыбай.

Қайрат Сарыбай кеңестегі қозғалатын бірқатар өзекті мәселеге тоқталды.

 Біріншіден, оқу бағдарламаларында студенттер басқа елдердің оқу орындармен қалай байланысқа шығады алады. Екіншіден, жастар өзінің саясатын мәдени түрде Парламент жолымен қалай оны алға тарта алады, -деді спикер.

 Бүгін елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Жастар кеңесінің V-ші отырысы өтіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК жұмысына сәттілік тілеген еді.

Өзгелердің жаңалығы