Жастар жылы. Жастар энергиясын жасампаздықты жүзеге асыруға бағыттау қажет

23 Қаңтар 2019, 14:02
2970
Бөлісу:
Жастар жылы. Жастар энергиясын жасампаздықты жүзеге асыруға бағыттау қажет

Астана, BAQ.KZ. Бүгін елімізде "Жастар жылы" ресми түрде бастау алды. "Тәуелсіздік ұрпақтарымен" кездескен Нұрсұлтан Назарбаев бұл жылдың маңыздылығына тоқталды. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова өз ойымен бөлісті.

"Қазақстанда қоғамдық сананың өзгеруімен қатар жүретін Үшінші модернизацияны бастан кешуде. Мемлекет басшысының Жастар жылын жария етуі 2018 жылғы негізгі және маңызды нәтижелерінің бірі деп танылды. Жылдың тақырыптық бағытын жариялау қалыптасқан дәстүр. Бұл тәжірибе 90-шы жылдардың ортасынан жалғасып келеді. Алғашқы тақырыптық жылдар ұлттық тарихты қалпына келтіру, ұрпақтар сабақтастығы, ауылдарды дамыту мәселесіне арналды. Енді, біршама үзілістен кейін адам капиталын дамытуға, нақты айтар болсақ, еліміз тұрғындарының 22% қамтитын жастармен байланысты жыл тақырыбы алға шығады. Мемлекеттің жастар сияқты Тәуелсіздіктің үлкен капиталына ерекше назар аударуы Қазақстан үшін өте маңызды" - дейді ол.

Сонымен қатар, Зарема Шаукенова жастардың бойындағы энергиясын жасампаздыққа және өз әлеуетін жүзеге асыруға бағыттау керек дейді.

"Біз тәуелсіздік ұрпақтарының өсіп-жетілген кезеңіне аяқ бастық. Бүгінгі таңда жастар жасының жоғарғы шекарасына 1990-шы жылдардың басында туылған тәуелсіздік құрдасы жақындады. Бұл тек уақыттың өтуі ғана емес. Тәуелсіздік кезеңінен басқа ешқандай жолды, басқа құндылықтарды, басқа өмірді білмейтін бір ұрпақ қалыптасты. Олар үшін нарықтық экономикасы бар тәуелсіз Қазақстан – олар өмір сүретін бүгінгі шындық. Бұл ұрпақпен жұмыс істеп, ұлттық құндылықтар мен патриотизмді нығайту қажет. Сонымен қатар тек жалаң талпыныспен көп жетістікке жете алмаймыз. Сенімді болашақ үшін жас қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет. Бұл жастардың энергиясын жасампаздық және өз әлеуетін жүзеге асыру арнасына бағыттауға мүмкіндік береді. Жастар жылының салтанатты ашылуындағы Елбасының бүгінгі сөзі де осы мәселелерді шешуге арналды" - дейді Зарема Шаукенова.

Өзгелердің жаңалығы