Қызылордалық жастар: Елбасының аманатына адал боламыз

20 Наурыз 2019, 11:57
2793
Бөлісу:
Қызылордалық жастар: Елбасының аманатына адал боламыз

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтататындығы туралы шешіміне қатысты қызылордалықтар өз ойларын білдірді.

 Қызылордалық жастар: Елбасының аманатына адал боламыз

"100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахманованың айтуынша, әрбір қазақстандық Елбасының қамқорлығын сезінді.

«Кешегі күнді тарихи оқиғаға балаймын. Бұл күн Қазақстан халқының жадында мәңгі сақталады. Бәрімізді Елбасының үндеуі толқытып жіберді. Тәуелсіздік бесігінде тербелгелі – 28 жыл. Осы жылдары қазаққа ана тілі мен дінін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға Елбасының қосқан үлесі зор. Әрбір қазақстандық Президенттің қамқорлығын сезінді. Бейбіт әлемде, тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз. Әлемде өз орнымыз бар. Елбасының саясаты арқасында жастарға ерекше қолдау болды. Елбасымен екі рет кездесіп, қысқа болса да пікірлестім. Бұл менің өмірімді оң бағытқа өзгертіп, бағытымды айқындап берді», - дейді ол.

Сымбаттың айтуынша, "100 жаңа есім" жобасының әрбір жеңімпазы қарапайым халық арасында еңбек етіп жүрген жандар.

«Елбасы еңбекпен биікті бағындыруға болатынын, әрбір азамат әр ісі арқылы елдің дамуына үлес қоса алатынын түсіндірді. Енді бізге деген сенімін ақтағымыз келеді. Ұзақ өмір сүріп, дені сау болса екен деп тілейміз!», - дейді Сымбат Абдрахманова.

Қызылордалық жастар: Елбасының аманатына адал боламыз

 "Ұлағат Ұландар" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Медет Жорабек те Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, Мәңгілік ел еткен Елбасына мың алғыс айтты.

«Тәуелсіздік жолында еңбек етіп, соның нәтижесі міне, бейбіт өміріміз. Осындай байтақ елдің амандығы мен тұрақты дамуы жолында аянбай еңбек етіп, болашағы жарқын елді біздерге – жастарға аманат етті. Бүгінде саналы ұрпақ қалыптасты, жастар үшін барлық жағдай жасалды. Ел мақтанатын елорданы салды. Бүгінде Астана мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Дүйім жұрт алдында мақтанарлық бүкіл әлемдік қадамдар жасады. Ауыл, қала халқының тұрмысын жақсартатын, кәсіптің көкжиегін кеңейтетін жүйелі жұмыстар істеді. Елбасының аманатына адал боламыз. Бұл біздің мойнымыздағы үлкен жүк және осы жолда аянбай еңбек етуге әзірміз», - деді Медет Жорабек. 

Өзгелердің жаңалығы