Жасотандықтар студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді

11 Қыркүйек 2021, 16:11
1579
Бөлісу:
Жасотандықтар студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жасотандықтармен Нұр-Сұлтан қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттік жатақханаларына мониторинг жүргізіп, елордалық студенттердің қандай жағдайда тұратынын анықтадық, деп хабарлады «Жас Отан» МК жетекшісі Нұрлан Жетпісбаев facebook-тегі парақшасында.

Кейбір елордалық жатақхананың жағдайы нормаға сәйкес келмейді. Сондықтан бүгін біз Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бастамасымен, студенттік жатақханаларға рейд жұмыстарын жүргіздік. Тексеру барысында студенттердің тұрғылықты жерлерінің бір бөлігі талаптар мен ережелерге сәйкес келмейтіні анықталды. «Сауда-экономикалық колледж» жатақханаларында қауіпсіздік ережелері сақталмаса, «Қаржы академиясы» АҚ студенттері үйінде студенттермен бірге жалға алушылар тұрады екен, - деді ол.
Ол атағандай, жүргізілген рейд нәтижесінде Сауда-экономикалық колледж жатақханасында бірқатар талаптың орындалмауы анықталды.

Айта кету керек, аталған колледж жатаханасына, 2019 жылы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ескертулер айтылған болатын.

Қаржы академиясының жатақханасында жағдай басқаша. Санитарлық талаптар, қауіпсіздік ережелері сақталған. Бірақ ғимарат 1969 жылдан жұмыс істеп келе жатқаннан кейін, күрделі жөндеуді қажет етеді. Аталған мәселелердің барлығы біздің бақылауымызда қалады және жыл соңына дейін тағы мониторинг жұмыстарын өткізетін боламыз, - деп атап өтті Жетпісбаев.

Өзгелердің жаңалығы