Жасөспірімдер қылмысқа не себепті барады?

21 Тамыз 2023, 11:51
950
Бөлісу:
Жасөспірімдер қылмысқа не себепті барады?
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл сұраққа Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, соңғы 5 жылда жасөспірімдер жасаған қылмыс саны жартылай төмендеген.

Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 11%-ға өсті. Жасөспірімдер көбіне ұрлық, тонау және бұзақылық секілді қылмыстарды жасайды. Биыл бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Лейла Әліпбаева «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің сөзінше, жасөспірімнің қылмысқа жиі баруына ата-аналардың балалардың мінез-құлқына тиісті бақылаудың жоқтығы себеп. 

Көбіне жасөспірімдер түнгі уақытта үйден тыс жерде ойын-сауық орындарында болғаны үшін ұсталады. Жыл басынан бері 64 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандарға мұндай мүмкіндік берген ойын-сауық мекемелерінің 1,5 мыңға иесі жауапқа тартылды, - деді Әліпбаева.

Өзгелердің жаңалығы