Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Бүгiн, 19:28
118
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында «Қазпошта» АҚ-да бас маман болып бастаған.  

2010–2020 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.

2021–2022 жж. –  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарушы директоры.

2022–2023 жж. –  ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2023–2025 жж. – ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры. 

Өзгелердің жаңалығы