Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

Бөлісу:
Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі
Фото: автордан

Digital Almaty 2025 форумына қатысушылар $60 000 жүлде қоры мен форум серіктестерінің гранттары үшін жарысып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Форумы кезінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект қазірдің өзінде жаһандық экономиканы өзгертіп жатқанын және Қазақстан көшбасшылар қатарында болуға ұмтылатынын атап өтті.

Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

 Ол үшін технологияларды енгізіп қана қоймай, экожүйені құру — кадрлар даярлау, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту маңызды. Мұндай форумдар нәтижелі диалог пен бірлескен бастамалар үшін платформа құра отырып, мемлекеттің, бизнестің және ғылымның күш-жігерін біріктіруге көмектеседі,- деді Жаслан Мәдиев.

Министр ұлттық бағдарлама аясында 2030 жылға қарай 1 миллион азаматын ЖИ-ке оқыту жоспарланғанын хабарлады. Бұған AI Kyzmet Bootcamp бағдарламасы аясында 500 мың оқушы, 300 мың студент, сондай-ақ 90 мың мемлекеттік қызметші кіреді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын, стартаптарды қолдауды, жетекші әлемдік компаниялардың зертханаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқару үшін ЖИ саласындағы әзірлемелерді біріктіретін Халықаралық орталық Alem.AI ашылады.

Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

ЖИ саласындағы заманауи білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін AI Movement және LMS білім беру платформаларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында AI Olymp республикалық олимпиадасын іске қосу жоспарланып жатыр. Бұл бастамалар озық технологиялармен жұмыс істеуге дайын кәсіби қоғамдастық құруға мүмкіндік береді.

Министр сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы өршіл мақсаттарды іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет екенін атап өтті.

Қазақстан ЖИ енгізу үшін есептеу қуатын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл ұлттық тіл модельдерін, оның ішінде KazLLM құру үшін негіз болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін ЖИ-агенттерді дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық платформа және мемлекеттік құрылымдардың жабық контурындағы деректермен қауіпсіз және құпия жұмысты қамтамасыз етеді,- деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

Институционалдық қолдау да маңызды бағыт болып табылады. 2025 жылы ЖИ реттеу туралы заң жобасын қабылдау, сондай – ақ осы саладағы басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын негізгі құжат – ЖИ дамытудың ұлттық стратегиясын әзірлеу жоспарланып жатыр. Форумда Astana Hub AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, FIRST Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда 24 Үздік мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін таласады. Негізгі оқиғалардың бірі Industrial AI Battle – AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптардың жарысы, жүлде қоры 60 000 доллар және форум серіктестерінің гранттары.

Дәстүрлі стартаптар аллеясы мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік беретін 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады. "ИндустрияX" аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар өнеркәсіптік кәсіпорындарда АИ енгізудің табысты кейстерін ұсынады.

Жасанды интеллект: Жаһандық дамудың жаңа кезеңі

Панельдік талқылау барысында АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Иран елдерінен келген жетекші жер қойнауын пайдаланушылар ментехнопарктер өндірістік процестерде жасанды интеллектті қолдану туралы әңгімеледі.

Екі күндік цифрлық іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатыспақ.

Digital Almaty 2025 ұйымдастырушылары: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры.

Өзгелердің жаңалығы