Жас ұстаз жастардың баспана мәселесін қалай шешу керегін айтты

16 Қараша 2021, 19:21
1043
Бөлісу:
Жас ұстаз жастардың баспана мәселесін қалай шешу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында «Team Kazakstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа жастардың ең өзекті мәселесі не екенін айтты.

Отбасын құрған жастардың ең өзекті мәселесі – баспана. Негізі мемлекет тарапынан біршама қолдау бар. Менің ойымша, оның аясын кеңейтсе, бәріне ұтымды болады, - деді ол.

Осыған байланысты жас маман нақты ұсыныстарын айтты.

«Жас отбасы» бағдарламасының мөлшерлемесі 6%. Алайда бастапқы жарнасы 50%. Жаңадан отау құрған жастарға бастапқы жарнаны жинау қиын. Оны жинап үлгергенше, жастар жалақысының жартысын пәтер жалдауға жұмсайды. Бастапқы жарнаны азайту керек. «Алматы жастары», «Елорда жастары» сияқты бағдарламаларды басқа өңірлерде де іске асыру керек, - деп атап өтті Қайсар Тұрсынқожа.

Оның сөзінше, өз үйінде өскен болашақ қысылмай, еркін болады.

Өзгелердің жаңалығы