Жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру басты жауапкершілік – әкім

4 Маусым 2021, 09:40
7115
Бөлісу:
Жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру басты жауапкершілік – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Сіздерді елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын бірегей белгісі – мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран тәуелсіз еліміздің дербестігін әлемге танытып қана қоймай, өткені мен бүгінін жалғастырып, болашағымен сабақтастырады, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен айтсақ, «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер».

Рәміздер халықтың рухы мен елдің егемендігін ғана емес, сол мемлекеттің өркениет көшінен алар орны мен деңгейін де белгілейді. Бүгінгі күні Тәуелсіздігіне 30 жыл болған Қазақстанның мемлекеттік Туы өзімен экономикалық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген мемлекетте желбіреп тұр. Жеңімпаз спортшыларымыз туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды асқақтатуда. Бұл әрбіріміз үшін зор мақтаныш, бақыт екені даусыз, - деді облыс басшысы. 
Осы ретте, жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз екенін естен шығармасақ деймін.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі» деп айтқанындай, аспан түстес көк байрағымыз асқақтап, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз жарқырап, Әнұранымыз шарықтап, тәуелсіздігіміз нығая берсін!

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болсын! Шекарамызға ешкім сына қақпасын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы