Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

2 Наурыз 2022, 13:54
842
Бөлісу:
Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Франциядағы 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санатты Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңғар финалда франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды. 

Бірінші партияда корт иесі басымдылық танытты - 7:5. Дегенмен екінші сетте Заңғар ойын тізгінін өз қолына ала білді - 6:1. 

Үшінші, шешуші партияда да З.Нұрланұлы қарсыласына дес берген жоқ - 6:1. 

Финалға дейінгі жолда қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің мықты ойыншыларын қапы қалдырды. 

Осылайша ол Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирлерде төртінші титулына қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы