Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан атынан кімдер бақ сынайды?

31 Желтоқсан 2019, 09:40
3652
Бөлісу:
Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан атынан кімдер бақ сынайды?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында жасөспірімдердің үшінші қысқы Олимпиадасы өтеді. Бұл туралы Оlympic.kz сайты хабарлады.

Үшінші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында жалпы есебі 27 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында ең көп жолдамаға иелік еткен биатлоншылар екенін айта кеткен жөн. Биатлоннан Қазақстан командасы ерлерден 3, қыздардан 3 спортшысын жарыс жолына шығарады. Олар: Арсений Безгинов, Вадим Куралес, Данил Червенко, Ульяна Ардалионова, Влада Васильченко, Арина Куприянова. Биатлоншыларды Михаил Дудченко бастап апарады. Жарыс 11-15 қаңтар аралығында өтеді. 

1577431514.jpg

Конькимен жүгіруден төрт спортшыға сенім артамыз. Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Никита Важенин, Евгений Кошкиндер Лозанна айдынында жүлдеге таласып көреді. Спортшылар аға бапкер Сергей Сугуртановтың қоластында жаттығуда. Конькишілер жарысы 12-16 қаңтар аралығына жоспарланған. 

1577434305.jpg

Шаңғымен жарысудан Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Олар - Дидар Қасенов, Ілияс Исабек, Айша Рақышева, Валерия Батченко. Жас спортшылар Олег Бушмакиннің жетекшілігімен жаттығуда. Шаңғышылар бәсекесі 18-21 қаңтар аралығында өтеді. 

1577434820.jpg

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан спортшылары тау шаңғысынан да бақ сынайды. Владислав Шлемов пен Александра Троицкая супергигант, Альпі комбинациясы және слалом-гигант, слалом және аралас командалық сын бойынша жүлдеге таласады. Тау шаңғысынан 10-15 қаңтар аралығында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Аға жаттықтырушы – Дмитрий Кванч.  Шаңғымен тұғырдан секірдан қазақстандық төрт спортшы жарыс жолына шығады. «Қанатты» шаңғышылар қатарында Данил Васильев, Нұршат Тұрсынжанов, Вероника Шишкина, Амина Тухтаевалар бар. Спорттың бұл түрінен бәсеке 19-20 қаңтар аралығында өтеді. 

1577435468.jpg

Шаңғы қоссайысынан сынға түсетін спортшылар жарысты 18 қаңтарда бастайды. Қазақстан атынан Святослав Назаренко бақ сынайды.  18 қаңтар күні шорт-трекшілер додасы басталады. Қазақстандық жанкүйерлер Санжар Жеңісов пен Мария Горбуноваға сенім артады. Аға жаттықтырушы – Азамат Сұлтанәлиев. 

1577507951.jpg

Фристайл ски-кростан Анель Суфашева мен Алексей Банников ел намысын қорғайды. Фристайлшылар жарысы 19 қаңтарға жоспарланған.  Сондай-ақ, Жасөспірімдер Олимпиадасы аясында 3*3 хоккейден аралас турнир өтеді. Қазақстан командасынан екі спортшы таңдалды. Олар – Алексей Байдек пен Кристина Чернова.   



Өзгелердің жаңалығы