Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жас сарбаздар Отан алдында ант қабылдады

26 Мамыр 2025, 19:08
637
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Гвардейск гарнизонының құрамаларында салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға 4 мыңнан аса адам – гарнизон басшылығының өкілдері, әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің, Ауған соғысының, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

Отанға адал болуға ант беру – ерекше жауынгерлік дәстүр. Бұл әрбір жас жігіттің өміріндегі салтанатты әрі өте жауапты сәт. Ант берген кезден бастап сендер елді қорғау үшін жауапкершілікті өз мойныңа алып, нағыз жауынгер боласыңдар, – деді гарнизон бастығы полковник Файзулла Дусанов.

Әскери ант қабылдау рәсімдері танк және артиллериялық бригадаларда, саперлер полкінде, артиллериялық базада және Гвардейск гарнизонының резервтік бригадасында өтті.

Әр адам Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге міндетті. Армияда әрқайсымыздың беріктігіміз сыналатынын түсінемін. Менің ойымша, әскердегі қызмет кәдеге жарап, алдағы жолымды анықтауға ықпал етеді, – деп бөлісті танк бригадасының сарбазы Кенжебек Әлімжан.

Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды, одан кейін әскери бөлімдердің басшылығы сарбаздардың ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы