Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Жақын күндері ел астанасы Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтеді. Ауқымды шараға Қарағанды облысының белсенді жастары да қатысып, сессиядан жаңашылдықтар күтеді. Бұл жайында ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының аймақтық штабының жетекшісі Александр Урмашов айтты.
«Бұл кездесу бейбітшілік пен келісімның формуласын құруда маңызды шара болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, яғни ұлтаралық келісімді құрушылар алға қойған міндеттер орындау мен жаңа бағыттарды шешу, сондай-ақ, атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерге талдау жасау мақсатында кездеседі. Әрине, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының атқаратын жұмыстарының өзектілігі жоғары екендігі белгілі. Қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен сол бағытта жағдай жасалған кезде ғана мемлекетті дамытуға болады. Сол себепті, ҚХА-ның әрбір сессиясы еліміз азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мен жаңа әдістерді табуды талқылауға бағытталады», - дейді Александр Урмашов.
Ел астанасында өтетін шараға Қарағанды облысының атынан «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының белсенді мүшелері, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің және облыстық этномәдени құрылымдарының жастар қанатының мүшелері қатысады.
«Облыстық Ассамблеяның жастары бұл шарадан қазақстандық жас ұрпақтың дамуына мүмкіндік беретін жаңашылдықтар күтеді. Барлық әріптестеріме алдағы сессия жұмысында жемісті жұмыс тілеймін. Барлығы да біздің қолымызда екендігін айтқым келеді», - деді «Жаңғыру жолы» қозғалысының аймақтық штабының жетекшісі.