Жас қазақстандықтар Елбасы медальдарымен марапатталды

24 Желтоқсан 2021, 19:45
1910
Бөлісу:
Жас қазақстандықтар Елбасы медальдарымен марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында Елбасы медалінің күміс және қола деңгейлері жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жоғары марапатқа 400-ден астам қатысушы ие болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтанда 189 қазақстандық Елбасы медальдарымен марапатталды, оның ішінде 180 қола және 9 күміс медаль. Шымкент қаласында 214 қатысушы қола медальға ие болды.

Іс-шараға Елбасы медалінің иегерлері, еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен белсенді жастар қатысты.

Жас қазақстандықтар Елбасы медальдарымен марапатталды

Тәуелсіздік жылдарында жастар өздерін ақылды, прогрессивті, талантты және ел патриоты ретінде көрсете білді. Олар өз білімімен және шеберлігімен түрлі бағыттарда дамып келе жатқанын сондай-ақ біздің елімізді әлемдік аренада әрқашан лайықты көрсететінінде дәлелдеді.

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Қатысушылар «алтын», «күміс» немесе «қола» деңгейлерін таңдап, жеті бағыт бойынша дағдыларды дамытады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, туристік жорықтар, еңбек практикасы. Әрбір кезеңді өткен сайын қатысушылардың өздеріне деген сенімділігі артып, таланттары еселене түседі. Ал финалистер Елбасы медалін иеленеді.

Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады.

Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл өскелең ұрпақ үшін өте тиімді жоба. Себебі олардың алдарына қойған мақсаттарына жету үшін үлкен ынталандыру болып табылады.

Бүгінде жастарға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Жастардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін барлық мүмкіндік жасалып келеді. «Елбасы медалі» бағдарламасы - бұл білімді жетілдіруге және тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың таланттарын ашуға көмектеседі, олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді қатысады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды. Жастар - бұл еліміздің болашағы. Сондықтан бүгінгі жастар білімді, талантты, табысты, интеллектуалды және белсенді болуы керек. Бұл үшін барлық жағдай жасалып жатыр, - деді Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Жас қазақстандықтар Елбасы медальдарымен марапатталды

Елбасының қола медалінің иегерлерінің бірі - Нұр-Сұлтан қаласының № 91 гимназиясының 9 сынып оқушысы Диана Мырзағалиева.

Жобаға қатысу арқылы менің өмірім 360 градусқа өзгерді. Мен басында өте ұялшақ едім, ауруыма байланысты бойымда сенімсіздік болды (сөйлеу дамуының кешігуі). Қазір денім сау, бірақ ел алдына шығуға үрейлендім. Жоба менің ерік-жігерімді қалыптастырды, мен жан-жақты дами бастадым, көптеген кітапты оқып, жаңа деңгейге көтерілдім. Экология мәселелеріне арналған «Ақсу-Жабағылы сиқырлы әлемі» ертегісін жаздым, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау жөніндегі іс-шаралардың үйлестірушісімін. Сондай-ақ, халықаралық байқауға қатысып, бірден екі номинация: Қоршаған ортаны сақтауға қосқан үлесі үшін «Жыл волонтері» және мүгедек адамдарға көмек көрсеткенім үшін «Волонтерлікті дамытуға қосқан көрнекті үлесі» номинациясы бойынша жеңіске жеткен жалғыз оқушы болдым, - деп бөлісті Диана Мырзағалиева.

 

2021 жылғы 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, бағдарламаны табысты аяқтаған 2259 адамды марапаттауға ұсынды. Олардың ішінде 2216 қола, 40 күміс және 3 алтын иеленген қатысушы бар. Сондай-ақ 344 қатысушы бағдарламаны аяқтап, сертификат алады.

Қазіргі уақытта «Елбасы медалі» бағдарламасына 20 000-нан астам адам қатысады. Оның 83%-ы - мектеп оқушылары, 11%-ы - студенттер, 6%-ы - жұмыс істейтін жастар, 24%-ы - ауылдық жерлерден келген қатысушылар. 2019 жылдан бастап жалпы алғанда медальдарды 6186 қазақстандық алды, Мемлекеттік білім беру гранттары Елбасының медалінің 605 иегеріне берілді, олардың 30%-дан астамы ауыл мектептерінің түлектері.

Өзгелердің жаңалығы