«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

25 Қазан 2022, 16:07
1939
Бөлісу:
«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды
PHOTO

Республика күніне орай композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған (әндер, поэмалар, өлеңдер) «Жас өрен» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған конкурс 2022 жылдың 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өтті.

Президент жариялаған биылғы Балалар жылында өткізілген мәні зор бұл жобаның басты мақсаты – балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар әндері мен өлеңдерінің репертуарын толықтыру, сондай-ақ еліміздегі балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын бала-бақшалар мен мектептерге, балалардың музыка мекемелеріне, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық кітапханаларға дейін қолжетімді қылу арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. 

Бұл ретте, Отанға қызмет ету, ел мен жерге деген жоғары патриоттық сезімді қалыптастыратын өнер туындыларын шығару және осы арқылы ұлттық руханиятқа үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдаудың маңызы зор.

Қатысушылардың кәсіби білігі мен жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған аталған конкурс жоғары бәсекеге толы, тартысты өтті. 

«QAZAQSTAN» телеарнасы арқылы көрсетілген конкурс туралы хабарлама – мектеп  оқушыларынан бастап аға буынның өкілдеріне дейінгі қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды (барлығы 405 өтініш). 

Бұндай құбылыс – қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысындағы өсуі мен өзін-өзі дамытудың кең етек алып келе жатқанын көрсетсе керек.   

Байқауға ұсынылған 204 шығарманың  133 – поэзия, 71 –ән жанрында болды. Байқаудың қазылар алқасы құрамына еңбек сіңірген белгілі мәдениет пен өнер және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері кірді.

«Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік Гала-концертте өтеді деп жоспарлануда. 

Аталған шара барысында жиналған жұртшылық конкурс лауреаттары мен дипломанттарының шығармаларымен таныса алады.

«Жас өрен» Республикалық конкурсының жеңімпаздарды

Гран-при

Дехгани Эльмира Исаханқызы – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы хор дирижерлеу бөлімінің түлегі. "Тандау" компаниясындағы музыкалық продюсер, композитор (Алматы қаласы) 

«Балаларға арналған ән» номинациясы бойынша

I-орын

 

Әбдінұров Әліби - Қазақ ұлттық өнер университеті композиция кафедрасының аға оқытушысы. Қазақстан жастар Одағының «Серпер» (2009), ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлықтарының лауреаты. Композитор, дирижер, музыкатанушы (Астана қаласы).

II – орын 

 

Рыспанбетов Самат Бақытжанұлы – Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжге «Саксофоншы» мамандығы және Т.Жүргенов атындағы  Өнер академиясын бітірген. Сазгерлікпен қатар, кәсіби түрде аранжировка жасаумен айналысады. «Нұр-Мұқасан» тобы құрған Style BR тобында өнер көрсеткен ,  2013 жылдан бері жеке әнші ретінде жұмыс істеуде (Алматы қаласы).

II – орын 

Бекжан Қайратұлы -  «Бақжұлдыз»  медиа орталығының вокал бөлімінің ұстазы (Жетісу облысы, Талдықорған қаласы).

III – орын 

Есебаев Бауыржан Аралбекұлы – Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ Түрік Мемлекеттік университетінің «Заңгерлік» факультетінің түлегі. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, сазгер, продюсер (Алматы облысы, Жамбыл ауданы).

III – орын 

 

          Доспай Нұрислам Марленұлы - Қазақ ұлттық өнер университеті мектебі, 9-сынып. Класс – труба (Астана қаласы).

Дипломант

 

          Каплун Ольга Юрьевна - 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының музыка-педагогика факультетін бітірген. 1994 жылдан бастап № 9. Ө. А. Жолдасбеков атындағы IT - лицейде  музыкапәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды (Шымкент қаласы).

Дипломант

Тани Айсұлу Бақытқызы - 2000 жылы жалпы білім беретін мектептің         9 сыныбын бітіріп, Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің 1 курсына "Музыка теориясы"мамандығы бойынша оқуға түскен. 2002 жылы колледждің екінші курсынан бастап Қазақ ұлттық музыка Академиясының мамандандырылған мектебінің 10 сыныбына ауысып, Астанаға көшкен. 2002 жылы 12 сыныпты бітіріп, Қазақ ұлттық музыка Академиясының бакалавриатына оқуға түскен (Астана қаласы).

Дипломант

 

Сақай Құрмет – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетіне оқуға түсіп оны 1979 жылы «баян» аспабы бойынша бітірген. Халықаралық конкурстың және композиторларға арналған Республикалық конкурстардың  лауреаты. Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі. «Балдәурен» РОСО-ның әнұранының композиторы (Астана қаласы).

«Балалар поэзиясы» номинациясы бойынша

I-орын

Байбұланова Жадыра – «Хабар24» арнасы бағдарламалар бөлімінің аға редакторы (Астана қаласы).

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

 

II – орын 

 Хасанов Серікбол Тілепбергенұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Мұнара» газетінің бас редакторы (Астана қаласы).

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

II – орын 

 

Тілеубергенов Достық Жақсыбайұлы – 1984-1987 жылдары Шымкент қаласының Ә. Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде оқып, аталмыш оқу орнының жолдамасы бойынша Жезқазған қаласындағы қуыршақ театрында 1995 жылдарға дейін еңбек еткен. Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылы).

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

III – орын

 

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы – ақын,  жазушы, драматург, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, сыншы, сатирик, әдебиет пен өнер зертеушісі, аудармашы, балалар ақыны және балалар жазушысы, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. (Ақмола облысы) 

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

III – орын 

 

Бердалы Нәзира – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Абай-ТВ» телеарнасында «Сарасөз» бағдарламасының жүргізушісі (Астанақаласы).

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Дипломант

 

 Хонж Алпысбай – С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, сатирик (Павлодар қаласы). 

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Дипломант

Ахетов Қуат Адисұлы – Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы).

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Дипломант

 Намазшамова Сағыныш Сабыржанқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінің бакалаврын (1997 ж.), магистратурасын (1999 ж.) бітірген. Шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, мемлекеттік стипендия иегері (2015 ж.), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (Талдықорған қаласы).

«Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

 

Өзгелердің жаңалығы