Жас министр өзіне жүктелген бес тапсырма туралы айтты

15 Ақпан 2022, 09:09
1436
Бөлісу:
Жас министр өзіне жүктелген бес тапсырма туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров министрлікке бекітілген бес тапсырманы атады.

Министр елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында биылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы жедел және жүйелі сипаттағы 140 тапсырма бергенін атап өтті.

 Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, 32 тапсырма аяқталуға жақын. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыру, теңсіздікті азайту және жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту, шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды, - деп айтты Қуантыров. 

Ұлттық экономика министрі тапсырма аясында ведомствоға 5 тапсырма бекітілгенін айтты.

  • Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу;
  • Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін дайындау;
  • Шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға бағыттай отырып, «Атамекен» ҰКП реформалау;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тиімділігіне талдау жүргізу;
  • Майнингке салықты бірнеше есе арттыру.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы