“Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің” тыңдаушылары Академиямен танысты

27 Қаңтар 2023, 20:07
1321
Бөлісу:
“Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің” тыңдаушылары Академиямен танысты
PHOTO

Бүгін МҚІА Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының 40-тан астам тыңдаушысы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық жоғары оқу орындарының 4 курс студенттері Академия ғимаратын аралап, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарымен танысты. Академияның Жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Әлімжанқызы Тайжанова студенттерге еліміздегі жобалық менеджменттің дамыту жолдары мен бағыттары туралы айтып берді. 

Сондай-ақ Академия ректоры Ерлан Әбіл болашақ мемлекеттік қызметшілерге білім ордасының миссиясы мен құндылықтары туралы, жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы ақпарат берді. Студенттерді академия басшысының еңбек жолы, мемлекеттік қызметке қалай келгені қызықтырды. Сонымен қатар қатысушылар ректорға академиядағы қосдипломды бағдарлама туралы, білім алушыларға жасалған жағдай және шетелдік қандай жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас орнатылғаны жайлы сұрақтарын қойды.  

“Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің” тыңдаушылары Академиямен танысты



Сондай-ақ Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің қатысушылары академияның вице-ректоры Маргарита Қадырованың дәрісін тыңдады. Ректордың академиялық қызмет жөніндегі орынбасары тыңдаушыларға мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды оқуға қабылдау ережелері туралы ақпарат берді.  

Қабылдау және білім алушылар мен түлектерді қолдау секторының меңгерушісі Әсет Абжаков студенттерге Менеджмент және дипломатия институтының, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің қызметі, магистратура білім беру бағдарламалары және Академияның стратегиялық серіктестері туралы мағлұмат берді.  

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушылары көптеген сұрағына жауап алып, болашақта Академияға оқуға түскісі келетіндерін айтты.

Өзгелердің жаңалығы