Мемлекет басшысының сұқбатындағы мемлекеттік қызметкерлер туралы айтқан жауабына жас маман Айдана Хабиева пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Расында да мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді ғана емес, барлық жағынан өзін дамытатын, көпке үлгі бола алуы керек. Отан отбасынан басталады дейді. Меніңше, әрбір адам өз отбасына үлгі бола алатындай адам болуы керек. Сонда ғана ол қызметін адал, адамгершілікпен атқара алады. Қазір қоғамдағы маңызды мәселелерде халық көзі мемлекеттік қызметкерлерге түсіп отыр. Осы сұқбатта Қасым-Жомарт Кемелұлының «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидасы қатты ұнады. Бұдан кейін де менің қағидам осындай болмақ, - дейді ол.
Сондай-ақ ол билікке жас мамандардың көп келіп жатқандығын айтады.
Өзім мәдениет саласында қызмет жасаймын. Қазіргі жастардың барлығының көзі ашық. Сондықтан билік басына жас мамандардың басшы болып келгендігі қуантады. Себебі жас мамандар креативті, жаңа идеялар айтып, Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенемін, - деді Хабиева.