Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері елордадағы қарттар үйінде барып қайтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялағаны белгілі. Осы орайда болашақ офицерлер қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты."Жас ұланның" 20-дан астам мектеп қызметкері мен шәкірті қарттар үйінің аумағын тазалап, мерекелік концерт пен дастархан ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері келген жастарға қиын-қыстау жылдар туралы айтып, еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштықты бағалау керек екенін атап өтті.
![жас1.jpeg жас1.jpeg](/userfiles/upload/medialibrary/df6/df68b504e665991ee9c74370e3764c2f.jpeg)
Біз қоғам өміріне белсенді қатысатын жігерлі жастарды тәрбиелеуге тырысуымыз керек. Биыл жарияланған "Еріктілер жылы" тек қағазда қалып қоймауы тиіс. Оның нақты іс-әрекеттермен танылғаны маңызды. Сондықтан біз жыл бойы осы сынды біраз іс-шара өткізуді жоспарлап қойдық. Олардың негізгі мақсаты – күш-жігеріміз жеткенше ерікті істердің өзектілігін арттыру. Айта кетейін, кез келген уақытта өз елі мен халқына қолдау көрсетуге дайын адамдардың көп болуы маңызды, - деп атап өтті мектеп бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев.
![жас2.jpeg жас2.jpeg](/userfiles/upload/medialibrary/6ad/6adedf355931ae424f75fc002588c18e.jpeg)
Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонды өткізу эстафетасы басқа оқу орындарына да беріліп, ігі істер жалғасын таппақ.