Жас кәсіпкерлердің шамамен 9%-ы кәсіпорын иелері, ал 91%-ы жеке кәсіпкерлер

24 Наурыз 2023, 18:44
1211
Бөлісу:
Жас кәсіпкерлердің шамамен 9%-ы кәсіпорын иелері, ал 91%-ы жеке кәсіпкерлер
Фото: egemen.kz

Елімізде жас кәсіпкерлердің шамамен 9%-ы кәсіпорын иелері, ал 91%-ы жеке кәсіпкерлер, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі таратқан баспасөз хабарламасынан белгілі болды.

2022 жылдың соңында Қазақстанда 30 жасқа дейінгі жастардың басшылығымен 400 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істеді. Сол жылы «Даму» қоры көмегімен жас кәсіпкерлерге жалпы сомасы 61,3 млрд теңге болатын 3 827 жобаға қолдау көрсетілді.

Жас кәсіпкерлер мен іскер әйелдер арасында сауда саласы ерекше танымал (41,9%). Заңды тұлғалар мәртебесіндегі кәсіпкерлер ЖК-ге қарағанда (тиісінше 2,3% және 1,9%) құрылыспен (15,9%) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (5,9%) айналысады, - делінген хабарламада.

Жас кәсіпкерлер, жалпы бизнес Алматыда (16,7%) және Астанада (11,4%) көп. Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында жасы 30-ға дейінгі жеке кәсіпкерлер бизнес иелерінің 10%-дан астамы.

Өзгелердің жаңалығы