Жас гимнасшылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

7 Сәуір 2019, 11:34
3197
Бөлісу:
Жас гимнасшылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жас қазақстандық спортшылар топтық эстетикалық гимнастикадан өткен Aesthetic Group Gymnastics World Cup II & Challenge Cup II 2019 Singapore халықаралық жарысында сәтті өнер көрсетті.

Додаға Австралия, Қазақстан, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Канада, Таиланд, Жаңа Зеландия, Тайвань және Жапония секілді әлемнің 10 елінен келген командалар қатысты. 

Қазақстан намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Кызылорда қалаларының жеті командасы, 59 қатысушы қорғады. Олармен бірге 5 бапкер және 2 төреші барды. 3 алтын медаль, 2 күміс медаль және 2 қола медаль жеңіп алды. 

Жасөспірімдер» санаты бойынша алғашқы орынға «Кербез» ОРМБЖСМ - 11,0 (Алматы); 8-10 жас санатында алтын медальға «Көркем» командасы (Нұр-Сұлтан), «күміске» Нұр-Сұлтан қаласының атынан бақ сынаған «Космос» командасы мен «Талисман» командасы, «қолаға» қызылордалық «Сейхун 2» командасы, 10-12 жас санаты бойынша бірінші орынға «Изумруд» командасы (Нұр-Сұлтан), екінші орынға «Космос» командасы (Нұр-Сұлтан), 12-14 жас бойынша үшінші орынға «Сейхун 2» командасы (Қызылорда) ие болды.

Эстетикалық гимнастика — дененің стильді, табиғи қимылдарына негізделген спорттың жаңа түрі.  Кез келген жастағы қыз балаларға арналған ең әдемі спорт түрлерінің бірі. Эстетикалық гимнастиканы көбінесе кілем үстіндегі синхронды жүзу дейді. Гимнастиканың бұл түрі іс-қимылдарды орындаудың мінсіз синхрондылығымен,  керемет музыкалық композициямен және әртістік орындаушылықпен байланысты. Сұлулық, сымбаттылық, көркемділік, шабыт – осының барлығын эстетикалық гимнастикада көруге болады. Бұл спорт түрінде саздылық, әсемділік, сымбаттылық нәзіктілік және пәктік мінсіз үйлесім тапқан.

Өзгелердің жаңалығы