Жас буынның басқаруға келуі заңды құбылыс – Ахметов

20 Тамыз 2020, 10:26
2506
Бөлісу:
Жас буынның басқаруға келуі заңды құбылыс – Ахметов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Jas Otan жастар қанаты Алматы қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов Nur Otan партиясының праймериз байқауына құжат тапсырды. Ол бұл саяси додаға неліктен қатысуға мүдделі екенін айтып берді. 

Коронавирус пандемиясы тек біздің мемлекетке емес, әлем елдеріне өзгеріс әкелді. Өмір салтымызды өзгертіп қана қоймай, елдегі салалардың осал тұстарын көрсетті. Солардың салдарынан қайғылы оқиғалар да болды. Халықтың көңілі толмайтын мәселелер де бар екеніне көз жеткіздік. Оған көз жұмып қарауға болмайды. Пандемия басталғалы мен ерікті ретінде жұмыс істедім. Халықтың мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін өз көзіммен көрдім. Халық арасында билікке деген сенімнің төмендеп кетуін байқаған соң, праймеризге қатысуға бел будым. Осы жауапкершілікті алып, қоғамдағы олқылықтарды жоюға атсалысуға тырысамын, - деді ол. 
WhatsApp Image 2020-08-20 at 10.28.09 (1).jpeg

Ахметов айтқандай, Nur Otan партиясы партияішілік праймериз сайлауын тұңғыш рет ұйымдастырып отыр. 

Оның ішінде жастарға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Осылайша, әлеуметтік лифт іс жүзінде көрініп отыр. 5 жыл сайын сайланып, жып-жылы орында отыратын депутаттардың заманы өтті десе болады. Қара басын ойлаған халық қалауларының уақытты өтті. Жаңа буын, жас буынның басқаруға келуі заңды құбылыс деп ойлаймын, - деді ол. 

Сондай-ақ, Мәди Ахметов арнайы бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты. 

Jas Otan-ның жетекшісі болғандықтан, жастармен жұмыс істегендіктен олардың қажеттілігі мен сұраныстарын білеміз. Қазір арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз ету көзделген. Жастарды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп отырмыз. Бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге ықпал етемін. Нақты индикатор мен көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Алда сайлау өтіп, барлығы ойдағыдай болып жатса, осының барлығын жүзеге асырамын деп ойлаймын, - деді Ахметов. 

Ахметовтің айтуынша, ол 6 жылдан астам уақыт еріктілікпен айналысып келеді. 

WhatsApp Image 2020-08-20 at 10.28.09.jpeg

Ол қызметті азаматтық борыш ретінде қабылдап, қиын-қыстау кезеңде халыққа жәрдемдесуге барынша тырыстық. Меніңше, халыққа пайдаңды тигізу қалтаңның қалыңдығына байланысты емес. Ең бастысы - ниет, сенімділік және жауапкершілік. Осыны арқалап жүріп, халықтың аманатына қиянат жасамау керек. Халықтың игілігіне септігін тигізер бір мәселенің шешілуіне үлесіңді тигізсең, бұл үлкен жеңіс, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы