Балалар кинология қызметімен танысты

2 Маусым 2021, 09:42
3595
Бөлісу:
Балалар кинология қызметімен танысты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «SOS» балалар ауылы мен «Үміт» орталығының бүлдіршіндері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ішкі істер департаментінің кинология орталығына экскурсия жасады.

Кинологиялық қызмет - бұл иттерге есірткі заттарын, сондай-ақ жарылғыш әрі зиянды заттарды іздеуге үйрететін қызмет саласы.

Балалар кинология қызметімен танысты

Мамандардың айтуынша, іздестіру-құрқару операцияларының 70% кинологтардың жұмысына байланысты. Сондықтан қандай төтенше жағдай болмасын, олар бірінші болып келеді.

Балалар кинология қызметімен танысты

Экскурсияның басты мақсаты көпке тансық емес кинология саласының қыр-сырын көрсету.

Балалар кинология қызметімен танысты

Біздің орталықта 40-қа жуық ит бар. Орталығымызда әртүрлі тұқымдас ит түрлері кездеседі. Атап айтар болсақ, неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, ротвейлер, онымен қоса қазақтың төбеті де бар, - деді Кинологилық қызмет орталығы басшысының орынбасары Рауан Дәулетов.
Балалар кинология қызметімен танысты

Сонымен қатар маман кинологиялық қызметтегі иттерді дайындау үшін есірткілер қолданады деген теріс пікір барын алға тартты.

Иттерді дайындау барысында ешқандай зиянкес заттармен жұмыс істемейді. Көбі оларды есірткі беріп дайындайды деп қателеседі. Шын мәнінде, иттерді жаттықтыру кезінде оларға химиялық қоспасы бар арнайы тағамдар берілді, - дейді маман.
Балалар кинология қызметімен танысты

Онымен қоса жиын барысында қонақтар да өз сұрақтарын қойды. Иттер жарылғыш заттар мен есірткілерді иісінен білсе, адамдарды қалай ажырата алатынын сұрады.

Балалар кинология қызметімен танысты

Адамның саусақ іздері секілді, әрбір адамның бойында өзінің исі болады. Ол адамның киімінде басқа да заттарында біршама уақыт сақталады, - дейді Рауан Дәулетов.
Айта кетейік, жалпы елімізде ТЖМ кинологиялық қызмет түрі 1997 жылдан бастап дамып келеді.

Олжас АДАЙ

Өзгелердің жаңалығы