Жарылыс болған жерге жақын аумақтан снарядқа ұқсас зат табылды

27 Тамыз 2021, 19:15
6758
Бөлісу:
Жарылыс болған жерге жақын аумақтан снарядқа ұқсас зат табылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жарылыс болған әскери бөлімнен 500 метр қашықтықта орналасқан жол бойындағы кешеннің артынан снарядқа ұқсас зат табылды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Вице-премьер Роман Скляр мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде зардап шеккен нысандарды аралады. Оның бірі - жол бойында орналасқан кафе ғимараты. Белгілі болғандай, оның иелері кафе аумағынан снарядқа ұқсас зат тауып алған.

Жарылыс болған жерге жақын аумақтан снарядқа ұқсас зат табылды

Журналистер әкімнен онда қандай зат бар екенін сұрады. Бұл сауалға жауап берген аймақ басшысы бірге барып, анықтауды ұсынды.

Жарылыс болған жерге жақын аумақтан снарядқа ұқсас зат табылды

Скляр мен Сапарбаев көптеген журналиспен бірге снаряд анықталған жерге барды.

Жарылыс болған жерге жақын аумақтан снарядқа ұқсас зат табылды

Табылған затты қарап-шыққан олар бірден саперлерді шақырды. Мамандардың айтуынша, бұл ДМ-70 минасызданған зарядтың жанып кеткен қозғалтқышы.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болғандар саны 9-ға жетті. Бүгін Үкіметтік комиссия Жамбылдағы жарылыс зардабын бағалайтыны анықталды. Ал Қорғаныс министрі оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы