Министр оқ-дәрілерді сақтайтын базаның құрылысын тездетуді тапсырды

27 Тамыз 2021, 17:22
6145
Бөлісу:
Министр оқ-дәрілерді сақтайтын базаның құрылысын тездетуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Бұл объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған. 

Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, сондай-ақ арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болғандар саны 9-ға жетті. 
Өзгелердің жаңалығы