Жарты жылда елімізде тамақтан 345 адам уланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы тамақтан жаппай уланудың 39 жағдайы тіркеліп, 712 адам зардап шеккен. Соның арасында 206 бала болды. Ал, 2023 жылдың 6 айында осындай 15 жағдай анықталып, 345 адам астан уланған және оның ішінде 131 бала болған. Биыл тамақтан улану салдарынан бір адам көз жұмды, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің берген жауабында.
Былтырғы 6 айдағы мәліметтерге тоқталсақ, сол кезеңде 397 адам зардап шеккен, соның арасында 96 бала бар.
Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айының басында Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті.
Оқи отырыңыз: