Жәрдемақылардың саны азая ма? – Дүйсенова жауап берді

7 Ақпан 2024, 13:11
2036
Бөлісу:
Жәрдемақылардың саны азая ма? – Дүйсенова жауап берді
Фото: Артём Чурсинов -архив

Вице-премьер Тамара Дүйсенова әлеуметтік жәрдемақылар тетігі жайлы қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол беріп алғанымызды айтты. Енді әлеуметтік төлемдер азая ма, қандай реформалар жүргізіледі? – деп сұрады журналистер спикерлерден.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Президент айтқан сөздің мәнін түсіндірді.

Президентіміз әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтарға берілуі керек деген қағидатты ұстанып отыр. Ол өте дұрыс деп ойлаймын. Бірақ бүгінде әлеуметтік заңнамаларда қарастырылған әлеуметтік көмектер саны кемімиді. Бірақ мұқтаж азаматтарға берілу мәселесін назарда болады. Яғни әлеуметтік теңдікті қалыптастыру мәселесін қарастырып отыр. Сондықтан келген азаматтар мұқтаж ба, мұқтаж емес пе, соған көбірек көңіл аударамыз, - деп айтты вице-премьер.

Дүйсенова мұқтаж азаматтарды айқындау мәселесінің тетігі жетілдірілетінін атап өтті. Үкімет мүшесінің сөзінше, осыдан 3-4 жыл бұрын елімізде 2 млн азамат атаулы әлеуметтік көмек алған.

Оны тексерген өте көп азаматтың үй-жайы және табысы бар екені анықталды. Сол себепті қазір бұл мәселенің механизмін жетілдіреміз. Былтырғы есепке сәйкес, 500 мыңнан аса азамат атаулы әлеуметтік көмек алды, - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы