Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы өседі

31 Қаңтар 2019, 15:35
3118
Бөлісу:
Асыраушысынан айырылғандардың жәрдемақысы өседі

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет Басшысы еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшерін 30 % дейін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 

Мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың наурыз айында Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға енгізетін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының жаңа редакциядағы жобасын әзірледі.

Заң жобасында әлеуметтік төлемдерді есептеудің тетіктерін өзгерту көзделген, оның ішінде:

-                 міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту;

-                 еңбек ету қабілетінен айырылу төлемдерін орташа емес, жеке еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне байланысты анықтау;

-                 асырауындағылар санының коэффициентін арттыру;

-                 жұмысынан айырылған адамдарға төлемдерді өтеу деңгейін арттыру.

Заң жобасын жүзеге асыру әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы