Жаратылыстану бейіні бойынша жұмыс істейміз- Аймағамбетов

6 Қыркүйек 2022, 13:01
11250
Бөлісу:
Жаратылыстану бейіні бойынша жұмыс істейміз- Аймағамбетов

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің тапсырмасы білім беру саласындағы ең маңызды сұрақтарды қамтып отыр. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру,мұғалімдердің жүктемесін төмендету мен балаларды балабақшамен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылады,- деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы әзірленеді.

Бұл ұлттық жоба ерекше болады. Себебі мектептер жаңа тәсіл мен жаңа талаптарға сәйкес барлық мемлекеттік стандартқа сай салынады. Әрине, бұл балаларға білім беру сапасын жақсартып, жалпы қолайлы жағдай жасайды. Жаратылыстану бейіні бойынша жұмыс істейміз. Бұл бойынша бізде жұмыс тобы құрылды. Оның ішінде мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлер бар,- деді министр.

Өзгелердің жаңалығы