ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміздің кәсіподақ ұйымдарын кәсіби мерекеcімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еңбек министрлігінің басшысы кәсіподақ қызметкерлеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен орасан зор еңбегі үшін алғыс айтып, жемісті жұмыс пен табыс тіледі.
Бұл айтулы күн барлық еңбекшілер үшін ортақ мереке және қоғамдағы экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылық мақсаттарына қол жеткізу бойынша толыққанды мықты әріптес ретінде елдегі кәсіподақтардың тәуелсіз қозғалысының дамуына айрықша назар аударатын дата.
Қазақстан кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының негізгі элементі.
Бүгінде елімізде 2,5 млн жұмыскерді біріктіретін 500-ден астам кәсіподақ жұмыс істейді.
Әлеуметтік қорғау, ішкі тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелері Үкіметпен бірге кәсіподақтардың да басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Мемлекет басшысының тапсырмаларында көрсетілген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізу қоғамның тұтастығы мен бірлігін талап ететінін атап өткен жөн. Сондықтан мемлекет алдында тұрған жаңа міндеттер аясында бірлескен жұмысты жалғастыра береміз деген сенімдемін.
Барлық кәсіподақ қызметкерлеріне еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.
Қазақстанның барлық кәсіподақтарына бірлік пен ынтымақ, амандық пен одан әрі өркендеу және жемісті жұмыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!, – делінген Светлана Жақыпованың ақжарма тілегінде.