Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Евгений Андреевич Больгерт;
Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
Нурия Исмагиловна Ниязова;
Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.