Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР cыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 17-отырысы өткізілді.
Комиссия отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық және басқа да сыртқы саяси бастамаларын іске асыру, елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ экспорттық бақылау желісі мен халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелерін күшейту тақырыптары болды.
Сонымен қатар, Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) төмен байытылған уран банкін ашу және тиісті мамандарды дайындау мәселелері Комиссия қызметінің бақылауында, - делінген ақпаратта.
Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары бұдан бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлады.