Жаппай тәртіпсіздіктерде қираған нысан мен көлік саны артты – Әділов

4 Ақпан 2022, 20:16
1502
Бөлісу:
Жаппай тәртіпсіздіктерде қираған нысан мен көлік саны артты – Әділов
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ішкі істер министрлігі «Қайғылы қаңтар» оқиғасын тергеуге белсенді қатысып жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен нысандар саны 1 573-ке жетті. Аталған сан жәбірленушілердің арызы есебінен артты. Оны тергеушілердің материалдары мен тексерулері растайды. Ең көп зардап шеккен - бизнес нысандарыды. Олардың саны 1 502-ге жетті. Негізгі бөлігін ломбардтар, тамақтану нысандары, жанар-жағармай бекеттері мен дүкендер, аңшы дүкендері құрайды, - деді ол. 

Әділов атағандай, зақымданған көліктер саны да артқан.

Олардың саны 765-ке жетті. Оның ішінде 551-і полицияға, 124-і қарапайым азаматтарға тиесілі. Жалпы шығын көлемі 88 млрд теңгеден артты. Жаппай лаңкестікке қатысқандарды анықтау бойынша істі арнайы прокурорлар жетеікшілік ететін жедел-тергеу топтары жүргізіп жатыр. Ішкі істер органдары жаппай тәртпсіздік бойынша өзге де істерді жалғастырып жатыр, - деді Санжар Әділов. 

Өзгелердің жаңалығы