Жаппай тәртіпсіздікте ауыр жарақат алған 14 полиция әлі емделіп жатыр – ІІМ

25 Сәуір 2022, 15:13
1516
Бөлісу:
Жаппай тәртіпсіздікте ауыр жарақат алған 14 полиция әлі емделіп жатыр – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бұрын біз қаңтар оқиғалары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін орындау барысында тәртіпсіздікке қатысушылар тарапынан аяусыз соққыға жығылған зардап шеккен полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер туралы бірнеше рет хабарлағанбыз.. Сол кезде олардың 58-і сүйек сынуы, атыс және пышақ жарақаттары түрінде ауыр жарақат алған, - деді Әділов. 

Ол атағандай, шабуылдаушылар өз іс-әрекеттерімен тікелей олардың өміріне қол салған.

Бүгінгі таңда ауыр жарақат алған 14 полиция қызметкері ем қабылдауын жалғастырып жатыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы