Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жапонияның солтүстігінде қуатты жер сілкінісі тіркелді

Бүгiн, 11:20
106
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Жапонияның солтүстік-шығысындағы Аомори префектурасы жағалауында магнитудасы 5,4-ке жететін жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропа–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің эпицентрі халқы шамамен 298 мың адамды құрайтын Аомори қаласынан шығысқа қарай 115 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 55 шақырым тереңдікте болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы