Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда жауған қалың нөсер салдарынан 1,7 млн тұрғын шұғыл эвакуацияланды.
Бұған елдің оңтүстік-батысындағы төрт аймақта мөлшерден тыс жауған жауын-шашын себеп болды, деп хабарлайды Риа Новости.
Фукуока, Сага, Нагасаки, Хиросиманың тұрғындары қауіптілік туралы ең жоғарғы – бесінші деңгейдегі ескерту алған. Онда билік: «Өмірлеріңізді құтқарыңыздар!» деп билік берген. Ол шұғыл эвакуациялануды білдіреді. Егер көмек келгенше, жүріп-тұру мүмкін болмаса, жақын маңнан тірі қалу мүмкіндігі жоғары жерді паналай тұру қажет.
Қалың нөсер бірнеше күннен Жапонияның оңтүстік-батысын әбігерге салуда. Кейбір ауданда соңғы екі тәулікте 500-700 миллиметр жауын-шашын жауған. Урэсино қаласында үш тәулік ішіндегі жауынның көлемі 918 миллиметрді құрап отыр. Мамандар табиғи құбылысты тарихи рекорд деп бағалап отыр.
Мәселен, Нагасаки, Сага, Фукуока қалалары орналасқан Кюсю аралында үш айдағы норма бір-ақ жауған.
Салдарынан бір адам қайтыс болған, екі адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Болжамдарға сәйкес, жаңбыр демалыс күндері де жалғасады.