Жапонияда адамдар мінген кеме суға батып кетті

22 Наурыз 2022, 13:36
1927
Бөлісу:
Жапонияда адамдар мінген кеме суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда экипаж мүшелері мінген кеме суға батып кетті. Салдарынан бір адам қайтыс болып, төрт адам хабар-ошарсыз кеткен деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Қайғылы жағдай Кагосима префектурасына қарасты Танэгасима аралының жағалауында орын алған. 

Балық аулауға шыққан кеме бортында сегіз адам болған. Олардың алтауы – Индонезия елінің азаматтары. Кемеде өрт шығып, 10 сағат өткен соң ол суға батып кеткен. Үш индонезиялықты сол жерден өтіп бара жатқан басқа кеме құтқарып қалған. Тағы бір азаматты жағалаулық күзеттің қызметкерлері тауып алғанымен, кейіннен дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады. 

Тағы төрт адамның тағдыры әлі белгісіз. 

Өзгелердің жаңалығы