Жапония жағалауында магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кагосима қаласынан (халқы 550 мыңнан аса адам) солтүстік-шығысқа қарай 128 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы 37 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.
Оқи отырыңыз: