Жапонияда 10 млн-ға жуық тауықтың көзі жойылды

9 Қаңтар 2023, 20:31
1134
Бөлісу:
Жапонияда 10 млн-ға жуық тауықтың көзі жойылды

Жапонияда құс тұмауына байланысты 10 миллиондай тауықтың көзі жойылды. Бұл елде осы кеселге байланысты құстарды қырудың рекордты көрсеткіші  болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәліметке қарағанда биыл құс тұмауы күншығыс елінің 47 префектурасының 23-інде тіркелген. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Мысалы, Ибараки аймағында бір күнде 1 млн-ға жуық тауық бауыздалған. Мамандар індеттің өршуі жыл құстарынан болуы мүмкін деп отыр. Жапония Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлауынша, осыған ұқсас жағдай соңғы рет 2020-шы жылы тіркелген. 

Өзгелердің жаңалығы