Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ жаралы колиттің асқынуы салдарынан денсаулығының сыр беруіне байланысты отставкаға кетті.
Бұл туралы деп хабарлады euronews.com хабарлады.Соңғы уақытта БАҚ үкімет басшысының денсаулығына байланысты проблемалар туралы, атап айтқанда, шілде айының басында кабинетінде денсаулығы нашарлап қалғаны туралы хабарлап отырды. Ал соңғы екі аптада саясаткер ауруханада екі рет тексеруден өткен. Осы уақытқа дейін премьер бұл хабарды растамады.
Ойық жаралы колит премьер қызметінің мерзіміне әсер етті. Абэ 2007 жылы бір жыл жұмыс істеп, отставкаға кеткен еді. Алайда, кейінірек ол министрлер кабинетінің басшысы ретінде қызмет ету ұзақтығы бойынша рекорд орнатты: 7 жыл 8 ай.
Үкіметті кім басқаратыны 1 қыркүйекке дейін белгілі болуы керек. Саясаттанушылар премьер-министр лауазымына келетін адамды еш қиындықсыз бекітеді деп күтеді, себебі басқарушы коалиция екі палатада да көпшілікті қабылдайды.