Жапония Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін

28 Ақпан 2021, 07:48
2345
Бөлісу:
Жапония Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа байланысты Жапонияға кіруге тыйым салынған спортшылар үшін төтенше жағдай тоқтатылған соң, яғни наурызда елге келуге рұқсат берілуі мүмкін.

Вирустың таралуына жол бермеу үшін жарияланған төтенше жағдай 7 наурызда тоқтатылуы тиіс.

Мәселенің екіұшты екенін есепке алған ел үкіметі шетелдік спортшыларға арнайы кіру рұқсатын беріп, оларды Жапонияға келген соң екі апталық карантинге орналастыруға мәжбүрлейтін талаптарды жеңілдетуі мүмкін.

Дегенмен, спортшыларға қонақүйлерінің сыртында және жарыстар өткізу орындарында қауіпті әрекеттерден бас тарту ұсынылып, қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салынады.

Токиодағы Олимпиада ойындары биылғы жылдың 23 шілдесінде ашылуы тиіс.



Өзгелердің жаңалығы