Жапония ғарыш кемесін айға қондырды

21 Қаңтар 2024, 08:58
610
Бөлісу:
Жапония ғарыш кемесін айға қондырды
Фото: baq.kz

Жапония Айға ғарыш кемесін ұшырған бесінші ел атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңіл модуль Жер серігіне сәтті қонды. «Құрылғыда нүктелік түсіру деп аталатын технология қолданылған.

Ол алдыңғы Ай миссиясының модульдеріне қарағанда бақылауды көбірек қамтамасыз етеді, - дейді мамандар.

Айта кетерлігі, бұл – Жапония аэроғарыш агенттігінің 20 жыл жасаған зерттеуінің жемісі. Құрылғы Айды зерттеу үшін топырақ үлгілерін алып, арнайы камераның көмегімен минералдарды талдайды.

Айды зерттеуге арналған интеллектуалды қондырғы Жапонияның жергілікті уақыты бойынша 20 қаңтарда сағат 0:20-да Айдың бетіне қонғанын растаймыз. Ғарыш кемесі Жапониядағы станцияға деректерді жіберді. Сондай-ақ Жерден командаларды дұрыс қабылдап тұр. Алайда, әзірге күн панельдерінің электр энергиясын өндіре алмай тұрғаны рас. Жапония АҚШ-пен ынтымақтаса отырып отырып, ғарышта маңызды рөл атқаруға ұмтыла бермек, - дейді Жапония аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің президенті Хироси Ямакава.

Өзгелердің жаңалығы